Алматыда Bek Air ұшағы құлаған кезде жүкті әйелді кеудесімен жауып қорғаған азамат марапаталды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
23 жастағы Темірлан Кадауов 2 қаңтар күні марапатталды. Оған «Төтенше жағдайлардың алдын алуда жоюда үздік шыққаны үшін» медалін Алматы полиция департаментінің басшысы, полиция генерал-майоры Серік Күдебаев табыстады.
«Жігіт төтенше жағдай кезінде батылдық танытты және жанындағы жүкті әйелді өз денесімен жауып қорғады. Сонымен қатар, жігіт жарақат алғанына қарамастан, барлық шұғыл қызметтер келгенге дейін басқа жолаушыларды эвакуациялауға көмектесті. Темірлан Кадауов бұл марапатқа лайық. Біріншіден, бұл адамдардың алғысы», – деді полицияда.
Еске салайық, Темірлан Кадауов Bek Air авиакомпаниясы кезінде жүктілігінің бесінші айында тұрған әйелді қорғап қалды.