Әнші Мәди Рымбаев өзіне емес, бірінші кезекте анасы мен ағасына қатысты сын айтылса, ашуланатынын бөлісті, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі TalkLike бағдарламасына сілтеме жасап.
Мәдидің айтуынша, ол үшін өмірдегі ең маңыздысы – отбасы. Сондықтан отбасы туралы айтылған сынды ауыр қабылдайды.
«Ел алдында жүрген соң небір пікір айтылады. Мен туралы жақсы нәрсе де, жаман нәрсе де айтылады. Мен оның бәрін көтере алам, бірақ менің отбасыма тіл тигізсе, оны көтере алмаймын. Мені мазақтасын, жер қылсын, бірақ отбасыма тимесін. Бұл мені қатты ашуландырды», – деді әнші.
Мәди өз сөзінде мінезінің сабырлы, байсалды екенін айтып қалды, алайда ашуға берілетін кездері де болып тұрады. Өмірде көп сөйлемейтінін, көңіл-күйге ерік бермейтін жан екенін айтты, деп келтірді Stan.kz ақпарат агенттігі.
Дегенмен ән жазу барысындағы техникалық қателіктер үшін күйіп-пісетін көрінеді.
«Көп жағдайда әннің оранжировкасын жазып отырғанда компьютерім істемей қалады. Бүкіл еңбегім еш кетіп, сақталмай қалады. Сондай кездері қалай ашуланбауға болады? Менің басымнан талай рет осындай жағдай өтті», – деді Мәди.