«Аман-саулық» қоғамдық қорының мәліметінше, әрбір бесінші жасөспірім кәмелетке толмай жатып, жыныстық қатынасқа түседі екен, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Қоғамдық қор Алматы көшелерінде әлеуметтік сауалнама жүргізіп, жастардың жыныстық қатынасқа деген көзқарасын білді. Эксперимент қортындысы бойынша, алматылықтар жыныстық тәрбие мәселелері мен контрацепция әдістерін талқылауға дайын еместігі белгілі болды.
Қоғамдық қор: жас қазақстандықтарды «репродуктивті денсаулық мәселелерінен қалай қорғауға болады? Аборттар мен жоспарланбаған жүктілік санын қалай азайтуға болады?» деген сұрақтар төңірегінде Алматы жастарынан жауап алды.
Бірақ қала тұрғындарының көпшілігі бұл сұрақтарға дайын бодмай шықты. Тек біразы ғана қызығушылық танытып, қауіпсіз секс мәселелерін ашық талқылады.
Бүгінде жастардың 21%, ал бұл 18-29 жас аралығындағы әрбір бесінші қазақстандық алғашқы жыныстық қатынасқа 18 жасқа дейін түседі екен.
Жыл сайын жасөспірім қыздар арасында 5000-ға дейін жоспарланбаған жүктілік байқалады. 15-18 жастағы сексуалдық белсенді жасөспірімдердің тек 30%-ы контрацептивтер пайдаланады.
– Біздің шағын әлеуметтік эксперимент Қазақстанның ірі мегаполис тұрғындары, алматылықтар жыныстық тәрбие мен қауіпсіз секс мәселелерін ашық талқылауға дайын емес екенін көрсетті. Қазақстанда жоспарланбаған жүктілік пен түсік тастау жағдайларының көрсеткіші жоғары болып тұр. Бұл мәселе мемлекеттің жастарға жыныстық білім беру мәселелеріне мән бере бастағанға дейін және ата-аналар мен балалар арасындағы диалог қалыптаспайынша қала бермек. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ақпараттанған жасөспірімдер саналы жаста жыныстық өмір сүре бастайды және контрацепцияға мұқият қарайды, – дейді «Аман-саулық» ҚҚ президенті Бақыт Түменова.