Иманғали Тасмағамбетовтің анасы көзі тірісінде берген сұхбатында тәрбиелі өсиетін айтып кетті. Ділдә апамыз әйел қауымана ер азаматын құрметтеуді үлгі етті, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Ділдә әжей ер мен әйелдің қатынасы мен тату отбасы болудың құпиясын бөліскен еді. Бірінші кезекте ер азаматтарды құрметтеуге кеңес береді.
«Жақсы әйел жаман еркекті адам етеді, жаман әйел жақсы еркекті ада етеді. Әйел өз әйелдігін біліп, қатты айтса, қабақ шытпай, тәтті айтса еркелетіп жақсы қатынас орнату керек. Әйел азаматына ешуақытта қарсы келмеу керек. Қандай жағдай болмасын, ер азамат сол шаңырақтың ханы. Ханды тыңдайсың ба, қараны тыңдайсың ба? Ер адам сол шаңырақтың асыраушысы, бары, нары, мақтанышы.
Ол сені бағады, сақтайды, ол сенің балаңның әкесі. Қазіргі жастарға мүмкіндігің келгенше өмірлік жолдасыңды дұрыстап таңда дер едім. Әйелің кім десе, басыңдағы бағың мен астыңдағы тағың депті. Әйелің отбасыңдағы шамшырағың депті. Әйелің кім десе, келетін қонағыңның тұрағы депті. Әйел барын-жоғын ұйымдастырып, қалайда қонағын риза ететін жан. Сондықтан әйелдеріңді сыйлаңдар деп ер балаларға да айтып отырам», – деді Ділді әжей.
Ділдә Қоқанова бұл туралы «Асыл арнаға» берген сұхбатында айтты.
Айта кетейік, 21 желтоқсанда Ділдә Қоқанова 89 жасында өмірден озды. Ол өмірін білім беруге арнаған аяулы ұстаз, жазушы.