Қазақстан әйелдер құрамасының голкипері Ирина Сандалова Франция командасымен ойын кезінде 12 голды жіберіп алды. Әр гол соғылған сайын боғауыз сөз айтқан, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Ресейлік СВЕТОЧ каналы Ирина Сандалова туралы видеосын бөлісті. Видеоның тұсында «Менің жаңа кумирім бар — ол Қазақстан әйелдер құрамасының қақпашысы» деп жазылған.
Аталған видео әп-сәтте 100 мың көрілім жинап үлгерді.
У меня новый кумир – вратарь женской сборной Казахстана pic.twitter.com/82PK8wK2ed
— СВЕТОЧ (@AnatoByshovets) December 6, 2020
Қақпашы ару жанында микрофондар орналасқанын білмеген болуы мүмкін.
Қазақстан мен Франция құрамасының кездесуі 1 желтоқсан күні 2021 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында өтті. Қазақстан 0:12 есебімен ұтылды. Нәтижесінде құрамы турнирде 2:43 есебімен жеңілді.