Бұл отандасымыз Ибрагим Ескендірдің кәсіби бокстағы жетінші жеңісі. Осылайша, ол IBA Asia чемионы титулына ие болды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап.
Бірінші ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Ибрагим Ескендір малавилік қарсыласы Мусса Аджибуді нокаутқа жіберді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жекпе-жек Мәскеуде, «Крылья Советов» спорт кешенінде өтті. Отандасымыз қарсыласын жетінші раундта жеңді.
Мәскеудегі жеңісіне дейін Ескендір алты рет жеңіске жеткен болса, африкалық қарсыласы Аджибу 28 рет жеңіс тұғырынан көрінген екен.
Аталған кездесу он раундқа жоспарланған болатын, дегенмен Ибрагим Ескендір жетінші раундта қарсыласын нокаутқа түсіре алды.