Жұма, Сәуір 23, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

«Қазақстанның болашағы табысты екеніне сенімдімін»: Трамп Тоқаевты құттықтады

Желтоқсан 13, 2019
Саясат, Әлем, Басты жаңалықтар, Қазақстан
«Қазақстанның болашағы табысты екеніне сенімдімін»: Трамп Тоқаевты құттықтады
Поделиться на Facebook

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қазақстанның тәуелсіздік мерекесіне орай шет мемлекеттердің басшыларынан құттықтау хаттар мен жеделхаттар келіп түсті. Қазақ халқын тәуелсіздік күнімен құттықтаған көшбасшылар арасында АҚШ президенті Дональд Трамп та бар, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.

Америка құрама штаттарының президенті Дональд Трамп жеделхатында елінің және жеке өз атынан Қазақстан халқын тәуелсіздіктің 28 жылдығымен құттықтаған.

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

«Берік серіктестігіміздің арқасында соңғы 12 ай ішіндегі қол жеткізген жарқын жетістіктерімізді зор қуанышпен атап өткім келеді. Біздің ядролық қаруды таратпаудан бастап терроризмге қарсы күреске дейінгі мәселелерді шешу ісіндегі ынтымақтастығымыз әлемді едәуір қауіпсіз әрі тұрақты етті», – делінген жеделхатта.

Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан президенті ретінде тәуелсіздік мерекесін алғаш атап өтіп отырғанын айтып, жаңа жылдың табысты болуына тілектестік білдірген.

«Америка Құрама Штаттары Сізбен және Қазақстан халқымен жемісті жұмыс істеуге дайын. Сіздің күш-жігеріңіздің арқасында Қазақстанның болашағы жарық әрі табысты болады деп сенемін», – делінген АҚШ президентінің құттықтауында.

Үндістан Президенті Рам Нат Ковинд өз құттықтауында мемлекеттер арасындағы өзара байланыстардың тарихи арқауы берік екенін атап өтіп, Қазақстанның өсіп-өркендей беруіне ниеттестік танытқан.

«Үндістан мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастар ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан тарихи және мәдени байланыстарға негізделген. Екі ел арасындағы көпжақты және екіжақты қатынастар стратегиялық серіктестікке ұласты. Ынтымақтастығымыз одан әрі нығая түсетініне сенімдімін», – делінген құттықтау хатта.

Испания Королі Фелипе өз құттықтау хатында испан халқы мен үкіметінің атынан Қасым-Жомарт Тоқаевты тәуелсіздік күнімен құттықтап, достас Қазақстан жұртына бейбітшілік және бақ-береке тіледі.

Сингапур Республикасының президенті Халима Якоб Қасым-Жомарт Тоқаевты және Қазақстан халқын тәуелсіздік күнімен құттықтады.

«Сингапур мен Қазақстан арасында жақсы достық қарым-қатынас орнаған. Екі ел арасында тауар айналымы ұлғайып, құқық және қаржы салаларындағы ынтымақтастықтың нығайып келе жатқанына қуаныштымын. Халықтарымыздың игілігі үшін Өзіңізбен бірлесіп жұмыс істеуге және байланыстарымызды одан әрі арттыра түсуге ниеттіміз», – деп жазған Халима Якоб.

Мемлекет басшысы мен Қазақстан халқын тәуелсіздік күнімен құттықтап, бақ-береке тілеген жеделхат Австрия президенті Александр Ван дер Белленнен де келіп түсті.

«Екі ел арасындағы барлық сала бойынша қарқынды дамып келе жатқан ықпалдастықты, оның ішінде, экономикалық ынтымақтастықты табысты дамыта береміз деп сенемін», – делінген жеделхатта.

Австралия Одағының Генерал-Губернаторы Дэвид Херли өз құттықтау хатында мемлекеттер арасындағы екіжақты достық қатынастардың одан әрі дами беретініне сенім білдірген.

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Бағдадта наразы топ бір жасөспірімді сабап өлтірді

Келесі жаңалық

«Колбин кет!»: Алматы облысындағы балабақша бүлдіршіндерінің қойылымы елді шошытты

ҰқсасЖаңалықтар

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
1.1k
Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды
Басты жаңалықтар

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
1k
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
1.2k
«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1.7k
Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған
Денсаулық

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
69
Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады
Басты жаңалықтар

Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады

Наурыз 5, 2021
514
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
«Колбин кет!»: Алматы облысындағы балабақша бүлдіршіндерінің қойылымы елді шошытты

"Колбин кет!": Алматы облысындағы балабақша бүлдіршіндерінің қойылымы елді шошытты

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді
Әлем

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
1.7k
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
1.2k
Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды
Басты жаңалықтар

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
1k
Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)
Әлем

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
1.1k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбылда күйеу бала қайын жұртының соғымын ұрлап кеткен

Наурыз 5, 2021
142

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
69
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.