Жексенбі, Наурыз 7, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау

9 жастағы вундеркинд ЖОО-дан шығып қалды

Желтоқсан 13, 2019
Санаты жоқ
9 жастағы вундеркинд ЖОО-дан шығып қалды
Поделиться на Facebook

Эйндховен атындағы техникалық университетті тәмамдамақ болған Бельгиядан шыққан тоғыз жасар вундеркинд оқуын тастап кетті, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Лоран Симонстың ата-анасы желтоқсанның 26-на дейін ұлдарының оқу бітіргенін қалаған. Сонда Лоран университетті 10 жасқа жетпей аяқтаған алғашқы түлек болар еді.

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Бірақ университет басшылығы ата-анасына алда әлі көп емтихандардың болуына байланысты оқуды аяқтау 2020 жылдың ортасына дейін ұзартылатынын хабарлаған.

Ата-анасы оған келіспей, сабақтан бас тартқан.

Олар үш жылдық курсты 10 айда бітіріп, ұлдарының оныншы туған күніне дейін диплом алуды көздеген.

Александр Симонстың айтуынша, университет басшылығы ұлы туралы айту үшін үнемі БАҚ өкілдеріне сұхбат бергеніне көңілдері толмаған.

«Балаға қысым жасап отырсыздар, егер бұлай жалғаса берсе ұлымызды психологиялық сараптамадан өткізуге мәжбүр болатынымызды айтты», – деп жауап берді әкесі De Volksrant басылымына берген сұхбатында.

«Егер бала футбол ойнаса, прессаның қызығушылық танытуын қалыпты нәрсе деп бағалаймыз. Менің ұлымның басқа таланты бар. Неге мен онымен мақтана алмаймын?», – дейді Александр Симонс.

Лоранның инстаграм парақшасында университет әкімшілігі желтоқсанда диплом алады деп жіберген хаттың скриншоты жүктелген. Астына «өтірікшілер» деп жазып қойған.

Университет Лоранның ондай қысқа уақытта оқуын аяқтай алмайтынын, аталған мерзімде пәнді дұрыс меңгеріп, творчестволық қабілеті мен сыни талдауды дамыта алмайды деп хабарлаған. Егер Лоран университетті ерте бітірсе, болашақта академиялық мансабына нұқсан келеді деп түсіндірген.

«Неге бұлай болғанын түсінбеймін»

Бельгияның кішкентай тұрғыны басқа да балалар сияқты бір жылда бірінші сыныпты оқып бітірген. Одан соң таңғажайып басталады: оның құрдастары екінші сыныпқа өткенде, бұл бірден орта мектептің бағдарламасын игеріп алады. Алты жасында жоғары сыныпта оқыған Лоран оны 18 айдың ішінде бітіреді. Одан кейін кішігірім үзіліс алып, академиялық демалысқа кетеді.

Сегіз жасында балақай Эйндховен атындағы Нидерланд техникалық университетіне оқуға түседі. Оның ойында желтоқсан айында электротехника саласы бойынша бакалавр дәрежесін алу болған. Яғни, әлемдегі ең жас университет түлегі атану керек еді.

Ғылымды меңгеру қалайша жас баланың қолынан келіп жатыр деген сұраққа  Лоран өзі де түсінбейтіндігін айтқан.

Лоранның дипломдық жұмысы миға орнатылатын электр чипі туралы зерттеуге арналған. Чип арқылы мыңдаған нейронды бір уақытта өлшеп әрі тексеруге болады.

Қазіргі уақытта вундеркинд технология және оның адам ағзасына қалай көмектесетіні туралы қызығып жүр.

Лоран дәрігерлер отбасында дүниеге келген. Сондықтан болашақта медицина саласында білім алып, ғылым кандидаты дәрежесін алғысы келеді. Сондай-ақ, Лоран  алмастыруға келетін жасанды ағза мүшелерін ойлап табуды да армандайды. Донор транспланттарының орнына қолдануға болатын жасанды жүрек немесе бүйрек жасап шығару туралы ойы бар.

Уақытында байқалған талант

«Менің мақсатым – адамзат баласының өмірін ұзарту, әсіресе атам мен әжемнің», – дейді Лоран.

Баланы тәрбиелеп баққан әрі оның бойындағы талантты алғаш байқаған да атасы мен әжесі еді.

«Олар Лоранның бойынан ерекше дарынды байқап, ол туралы айта берді. Басында біз немерелерін қатты жақсы көргеннен болар деп ойладық. Сол себепті сөздеріне аса мән бермедік», – дейді Лоранстың әкесі.

Мектеп мұғалімдері де баласының ерекше қабілеті туралы айтқан соң, ата-анасы да ойлана бастаған. Тіпті сарапшылардың өзі баланың дамуына таң қалған. Университет оқытушылары да таңданысын жасыра алмаған.

«Лоранның материалды игеру қабілеті өте мықты, яғни қысқа уақытта өте көп дүниені меңгере алады», – дейді баланың университеттегі бұрынғы тәлімгері профессор Петер Балтус.

Қайталанбас қабілет және қатал тәртіп

Лоранда фотографиялық есте сақтау қабілеті бар және Нобель сыйлығын алған ғалымдармен бірдей интеллект коэффициенті өте жоғары  IQ – 145. Аналитикалық қабілеті де жоғары болып есептелетін вундеркинд әу бастан-ақ нақты ғылымға қызығушылық танытып, тілдерге аса мән бермеген.

Әкесінің айтуынша, Лоран мектепке баруды аса ұнатпайтын. Бала болып жай ғана демалғысы келетін, жағажайда уақытын өткізуді қалайтын.

Университетке түкеннен соң оқуға деген көзқарасы өзгерген және бір жүйеге келген. Лоранның күн тәртібінде атқаратын жұмысы көп еді.

«Дүйсенбі курсқа кіріспе, сейсенбі зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Сәрсенбі оқу бар, ал үйде қалғанда сегіз сағат бойы кітап оқиды. Бейсенбі оқытушылармен кездеседі. Жұма емтихан тапсырады. Ал басқа студенттер бұндай дүние үшін 9-12 апта жұмсайды», – дейді Лоранның әкесі.

Балалық шақтың қуанышы

Лоранның бар жағдайын жасау үшін басқа студенттерден сабақты өзі бөлек өтетін. Әкесі Лоран әлі де бала қуанышынан ажырамағанын айтады.

Бүгінде Лоран өте атақты. Оның инстаграм аккаунтында 35 мың оқырманы мен бақытты балалығын көрсететін суреттері көп. Ол суреттерде төбетімен серуендеп, суда жүзеді, баспасөз қызметкерлеріне сұхбат береді. «Ол достарына телебағдарламаға қатыстым деп көп мақтанбайды», – деді Лоранның әкесі.

Бөлісу6ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Ақтөбеде ер адам әйелін кілемге орап, үстінен бар күшімен секірген

Келесі жаңалық

Кезінде Димашқа сын айтқан Ринат Зайытов енді жер-көкке сыйғызбай мақтады

ҰқсасЖаңалықтар

Жамбылда күйеу бала қайын жұртының соғымын ұрлап кеткен
Санаты жоқ

Жамбылда күйеу бала қайын жұртының соғымын ұрлап кеткен

Наурыз 5, 2021
60
Алматы қаласында жүк көлігі жер астына түсіп кетті
Санаты жоқ

Алматы қаласында жүк көлігі жер астына түсіп кетті

Наурыз 1, 2021
158
Түркістанда әйел мен 4 баласы тірідей жанып кетті: Оқиғаның мән-жайы
Санаты жоқ

Түркістанда әйел мен 4 баласы тірідей жанып кетті: Оқиғаның мән-жайы

Ақпан 28, 2021
485
Шымкентте пара алудан медицина саласы көш бастап тұр
Санаты жоқ

Шымкентте пара алудан медицина саласы көш бастап тұр

Қаңтар 22, 2021
11
Байден қызметіне кірісе сала Трамптың бірқатар шешімдерінің күшін жойды
Санаты жоқ

Байден қызметіне кірісе сала Трамптың бірқатар шешімдерінің күшін жойды

Қаңтар 21, 2021
19
«Тұншығып қалса ше?». Елордалық әкенің әрекеті жұрттың жағасын ұстатты (видео)
Санаты жоқ

«Тұншығып қалса ше?». Елордалық әкенің әрекеті жұрттың жағасын ұстатты (видео)

Қаңтар 21, 2021
319
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Кезінде Димашқа сын айтқан Ринат Зайытов енді жер-көкке сыйғызбай мақтады

Кезінде Димашқа сын айтқан Ринат Зайытов енді жер-көкке сыйғызбай мақтады

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Семейде қолында баласы бар әйелді ұрып-соққан ер адам видеоға түсіп қалды
Қылмыс

Семейде қолында баласы бар әйелді ұрып-соққан ер адам видеоға түсіп қалды

Ақпан 3, 2021
4.5k
«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)
Қылмыс

«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)

Қаңтар 14, 2021
6.5k
«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді
Әлем

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
129
Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады
Басты жаңалықтар

Асқар Жұмаділдаев: Адамның өз үйі, жалақысы, жауапкершілігі болса, махаббаты баяндырақ болады

Наурыз 5, 2021
249

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандықтар адамдарды түске бөлген денсаулық сақтау министрлігінің қосымшасына қарсы (видео)

Наурыз 5, 2021
45

Әлеуметтік көмек талап еткен әйелдердің әкімдікте қонып жүргеніне 5 күн болды

Наурыз 5, 2021
43

«Путин өзі сақтасын». Президенттің суретін ұстап отырып вакцина салдырған шенеунік жұртты күлдірді

Наурыз 5, 2021
129

«Кешір, біз шаршадық»: Анасы 39 жастағы мүгедек ұлын улап өлтірді

Наурыз 5, 2021
56

Жамбылда күйеу бала қайын жұртының соғымын ұрлап кеткен

Наурыз 5, 2021
60

Астанада құрсақтағы сәбиі шетінеген әйелді ауруханаға жатқызбай қойған

Наурыз 5, 2021
3
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.