Қуандық Рахымның туған ағасы қайтыс болды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
«Аға едің көңілің жарқын-ақ, Адалдығыңмен арқырап. «Інім» деп құшақ жайғанда, Қабағың неткен жарқын-ақ». Тілеулес жандар дұғада болса екен. Барымыздың бағасын білейік. Айтайын дегенім осы еді», – дейді әнші.
Әнші марқұм ағасы екеуінің түскен суретін қатар жариялады. Тыңдармандары оның туған ағасы екенін айтуда.
Желі қолданушылары әншінің қайғысына ортақтасып, көңіл айтып жатыр.
«Қаза қайырлы болсын, артының қайырын берсін», «Иманы жолдас болсын», «Жаны жәннатта болсын. Мұңаймаңыз. Рухы пейіште шалқысын», – дейді олар.
Бұған дейін берген сұхбаттарында Қуандық отбасында төрт ағайынды екенін айтқан болатын. Бәрінің өнерге жақын екенін атап өткен еді.