Жексенбі, Қаңтар 17, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қоғам Шоу-бизнес

Айдар Тұрғанбек: Әйелі «қожайыным» десе, еркектік гормон көтеріледі

Желтоқсан 4, 2019
Шоу-бизнес, Басты жаңалықтар, Қазақстан
Айдар Тұрғанбек: Әйелі «қожайыным» десе, еркектік гормон көтеріледі
Поделиться на Facebook

Отандық сахнада жүргеніне 15 жыл толған «Жігіттер» тобының солистері әрқайсысы – бір төбе, жеке әнші ретінде қазақтың ән өнерінде қалыптасқан өнерпаздар. Соның ішінде Айдар Тұрғамбектің орны бөлек. Өтіп бара жатқан жыл әнші үшін ерекше болыпты, бұған дейін хабарлағанымыздай, ол репертуарына біраз ән қосып, қыздарымызды тойда ұзатып, тәй-тәй басқан бүлдіршіндердің тұсауын кесіп жүр. Ол отбасындағы береке, енесіне не себепті ән арнағаны және бойындағы жаман әдеттері туралы әңгімеледі, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

– Жылдың аяғы жақындап қалды, биылғы істелген шаруаларды қорытындыласақ… 

«Арақ үшін баламнан таяқ жедім»: Ұлынан зәбір көрген кейуананың хикаясы жұртты жылатты

Баннердегі әйел әкімдіктен миллион сұрады

Осы жылы біраз жетістіктерге қол жеткіздік. Жеке шығармашылығымда үлкен өзгерістер болды. Көпшілік куә, көптеген әндер жазылып, бейнебаяндар түсірілді. Тағы айта кетерлігі, осы жылы көптен бері ойымда жүрген бір әнді жазып, қазір ағылшынша нұқасын дайындап жатырмыз.

Бұл ән әйелімнің анасына арнайы шығарылған туынды. Анамыздың екі қолы мен аяғы істемей ауырып қалды. Жалғыз ұлы Қуаныш қайынағамның қарайлап, бар жағдайын жасап отырғанына 4 жыл болды. Ұлының атынан анасына деген екі тілде ән жазып жатырмын. Анаға арналған ән. Биыл шығып қалуы мүмкін.

– Топтағы шығармашылықты қалай қорытындылайсыз?

– 15 жылдық концертімізді бергенімізге әлі бір жыл бола қоймады. Одан бөлек күні кеше 3-4 ән жаздыртып келдік. Соңғы шыққаны «Балалық шақ» деген ән. Солардың біріне клип түсіру үшін ән таңдап жатырмыз. «Жігіттер» де, жеке шығармашылық та жақсы жүріп жатыр.

– Сұхбаттарыңыздан байқасам, әйеліңізді мүлде көрсетпейсіз. Бұдан бөлек ол сіздің атыңызды атамайды екен? Әйелі күйеуінің атын атаса, несі жаман?

– Күйеуінің атын атап шақырса да болады. бірақ арадан сыйластық кетеді. Сондықтан біздің апаларымыз аталарымызды «қожайын, отағасы, әкесі» деп шақырған. Өзім оңтүстік өңірден болған соң, ағаларымды жеңгелерім қалай сыйлайтынын көріп өстім. Солардың арасында ұрыс-керіс болғанын байқамаппын. Әйелі атын атап шақырғаннан көрі «отағасы, әкесі, қожайыным» деп тұрса, күйеуінің еркектік гормонын көтереді және өзіне сенімді болып, еңсесі көтеріледі.

– Әйелдерді еркектерден төмен санайсыз ба? 

– Мен ешқашан әйелді төмен санаған емеспін. Мен үшін әйел адамның орын әрқашан биік. Білімі жетіп, үлкен мәселелерді басқара алатын болса, қызметте отырғанға қарсы емеспін. Ең бастысы, отбасына үлгеріп, күйеуін күтіп, балаларын тәрбиелеп жатса жақсы.

Үйленгенімізге он жылдай болды. Алғашқы бес жылда әйелім бала көтере алмады, сол кезде әйелімді тағы да оқуға түсірдім. «Нұр-Мүбәрәк» университетінде «Исламтану» мамандығында  білім алып жүріп, бала көтеріп, академиялық демалыс алды. Қазір бала тәрбиесімен үйде. Тек үйде отырасың деген шарт қойған емеспін. Оқуын бітіріп алса, керемет кітап жазатын адам. Білімге құмар. Алғашқы мамандығы математик. Қазір жаспыз, көпбалалы болсақ деген ойдамыз.

– Қазір қоғамда ер адамдардың әлімжеттігінен орын алып жатқан қайғылы оқиғалар көбейіп кетті. Пойыздағы зорлық-зомдыбылық, өз әйелін өртеп жіберу деген сынды… Ерлеріміз қоғам, отбасы алдындағы міндеттерін адалынан атқарып жүр ме?

– Мұның барлығы қылмыс, оны кім жасаса, өзінің жазасын алу керек.

Қазақ мақалдарында отбасындағы көп жағдайға әйел жауапты. «Әйелің жақсы болса…» деп басталатын көптеген мақал-мәтелдің барлығы әйелдерге арналған. Бұдан не байқауға болады?! Үйдің берекесін кіргізіп, тыныштық орнататын әйел. Әйелдің ақылдылығы мен төзімділігі, ұрыс шығармау отбасындағы бақытқа жауап береді. Әрине, ер азамат та жауапкершіліктің бер шетін ұстайды. Бірақ ер – түздің адамы. Отбасымның 70% тыныштығы – әйелімнің арқасы. Менің де мінезім керемет емес.

– Сахнада жүргеніңізге 15 жылдан асып қалды. Бір сұхбатыңызда «сахна – менің кәсібім» деген екенсіз. Сахна сіздің жағдайыңызды қаншалықты жасады?

– Сахнада ес білгелі жүрміз. Аллаға шүкір, жаман болдым деп айтпаймын. Бірақ қаншама қателік жіберген кездер болды. Көптеген алаяқтарға алдандым. Өзім де дұрыс емес істерге ұрындым. Маңдай термен тапқан ақшаны шашып жіберген кездер болды.

Аллаға шүкір, ел қайда барсақ та танып, ықыласына бөлеп жатады. Алланың сыйы деп білемін.

– Әріптестеріңіз әкімнің, министрдің кеңесшісі деген лауазымды орындарға жайғасып жатыр. Жоғары қызметтен көріну ойыңызда бар ма? 

–  Шақырып жатса, ойлағанымдай жақсы жер болса, неге бармасқа?! Бірақ менің ойымда жоғары қызметте отыру деген жоқ. Болашақта жақсы кәсіптің басын ұстап, өзімді кәсіпкер ретінде танытсам деймін.

– Бағлан досыңыз осы жылдың басында құмар ойынға салынғандығы туралы айтып сұхбат берді. Сіздің бойыңыздағы жаман әдеттер туралы айтсаңыз?

– Кемшіліксіз адам болмайды. Бойымда өзіме ұнамайтын әдеттер көп. Соның бірі еріншектік және ерте тұруға дағдылана алмай жатқаным. Той, қыз ұзату ерте бітпейтін болған соң, кеш жатуға тура келеді.

Қыз ұзату деп қалдыңыз, қаншалақты жиі шақырады?

Аллаға шүкір жиі шақырады. Барлығын әлеуметтік желілерге салып отырамын. Бұрыннан ағасы мен әкесі қыздарын шығарып салған, сондықтан  мұны дәстүр бұзушылық деп ойламаймын.

– Осы тұста сұрайыншы, сіз де қыз тәрбиелеп отырған әкесіз. Ертең қыздарыңыз бойжетіп, өмірлік жарын кездестіргенде кім ұзатады?

– Сол күнге жете берейік. Осылай ағасы ұзататын шығар (күліп). Қыздарым әлі кішкентай. Нақты кім ұзататын айта алмаймын. Ол туралы ойланбаппын.

Бөлісу28ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Вице-министр: Сайлауды өткізуге атсалысқан мұғалімдерге ақша төленеді

Келесі жаңалық

Жол ережесін 98 рет бұзған жүргізуші 6 млн теңге айыппұл төлейді - Нұр-Сұлтан

ҰқсасЖаңалықтар

«Арақ үшін баламнан таяқ жедім»: Ұлынан зәбір көрген кейуананың хикаясы жұртты жылатты
Өмір

«Арақ үшін баламнан таяқ жедім»: Ұлынан зәбір көрген кейуананың хикаясы жұртты жылатты

Қаңтар 17, 2021
157
Баннердегі әйел әкімдіктен миллион сұрады
Денсаулық

Баннердегі әйел әкімдіктен миллион сұрады

Қаңтар 17, 2021
57
Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады
Ақша

Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады

Қаңтар 17, 2021
16
«Кенеттен жағдайы нашарлап кетті». Директоры Мейрамбек Бесбаевқа не болғанын айтты
Шоу-бизнес

«Кенеттен жағдайы нашарлап кетті». Директоры Мейрамбек Бесбаевқа не болғанын айтты

Қаңтар 17, 2021
597
Түрмеде тұтқынды су қайнатқышпен зорлап тастады. Әпкесі көмек сұрайды
Қазақстан

Түрмеде тұтқынды су қайнатқышпен зорлап тастады. Әпкесі көмек сұрайды

Қаңтар 17, 2021
178
Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
357
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
qaz.neonomad.kz

Жол ережесін 98 рет бұзған жүргізуші 6 млн теңге айыппұл төлейді - Нұр-Сұлтан

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Мейрамбек Бесбаев жансақтау бөліміне түсіп қалды
Шоу-бизнес

Мейрамбек Бесбаев жансақтау бөліміне түсіп қалды

Қаңтар 17, 2021
2.2k
«Кенеттен жағдайы нашарлап кетті». Директоры Мейрамбек Бесбаевқа не болғанын айтты
Шоу-бизнес

«Кенеттен жағдайы нашарлап кетті». Директоры Мейрамбек Бесбаевқа не болғанын айтты

Қаңтар 17, 2021
597
Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
357
«Африкада орыс тілді адамдарды жегіш тайпа табылды»
Әлем

«Африкада орыс тілді адамдарды жегіш тайпа табылды»

Қаңтар 15, 2021
290

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Арақ үшін баламнан таяқ жедім»: Ұлынан зәбір көрген кейуананың хикаясы жұртты жылатты

Қаңтар 17, 2021
157

Баннердегі әйел әкімдіктен миллион сұрады

Қаңтар 17, 2021
57

Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады

Қаңтар 17, 2021
16

«Кенеттен жағдайы нашарлап кетті». Директоры Мейрамбек Бесбаевқа не болғанын айтты

Қаңтар 17, 2021
597

Түрмеде тұтқынды су қайнатқышпен зорлап тастады. Әпкесі көмек сұрайды

Қаңтар 17, 2021
178

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
357
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.