Дүйсенбі, Қаңтар 18, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қоғам Білім

300 мың теңгеге дейін айыппұл: Енді директорлар мұғалімдерді себепсіз мазалай алмайды

Қараша 28, 2019
Білім, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
300 мың теңгеге дейін айыппұл: Енді директорлар мұғалімдерді себепсіз мазалай алмайды

Сурет: flickr.com

Поделиться на Facebook

Мұғалімдерді бұдан былай өзіне қатысы жоқ жұмысқа тартса, қағазбастылыққа салып қойса және тексеруші органдар шамадан тыс мазаласа, директор болсын, әкім болсын, шара қолданылады. Яғни 50 мыңнан 300 мың теңгеге дейін айыппұл қарастырылған. Бір жылдан аса талқыға түскен заңды Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады. Енді Сенаттың қарауынан өтсе болғаны, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Мұғалімнің оқушысына өзін сыйлата алуы өз алдына бөлек әңгіме. Бірақ, мемлекеттің мұғалімнің қадірін қашырмайтындай жағдай жасауы министрлікке міндет. Ауылға дөкей келсе, концерт қойып, көшеде жалау ұстауға дейін ерінбей жүретін – ұстаздар. Б асы артық шаруадан басын арашалап алу туралы заң жобасының талқыланып жатқанына жылдан асты. Бүгін Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады.

Қазақстандық Qazsovid-in вакцинасынан өліп кетсе, 500 мың төленеді

4 жасар қызының көзінше. Павлодарда экс-әйелін бетіне оқ атып өлтірген ер адам қамауға алынды

«Төрт бағыт бар. Бірінші, мұғалімдерді әр түрлі өзіне тән емес жұмыстарға тарту, қағазбастылық, тексеріс мәселесі. Бұл мәселелер бойынша нақты санкция қарастырылған. Енді бұдан кейін осындай мәселелер болатын болса, онда осы санкция бойынша айыппұл төлейді, 20дан 120 АЕК-ке теңестірілген», – деді Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі.

Ұстаздар қауымының мойнынан түсетін тағы бір ауыртпалық – жүктеменің азаюы. Бір орынды алып отырған мұғалімге толық 18 сағат берілетін болса, енді оның да көлемі азаяды.

«Сол арқылы бір оқпен екі қоян атып, оқушылардың да миына ауыртпалық салудан құтыламыз», – дейді министр.

«Бір ставка – 18 сағат. 18 сағаттан 16 сағатқа түсіру деген сұрақ енді 10 жыл емес, одан көп уақыт біздің қоғамда талқыланып жатыр. Биыл осы мәселе шешімін тауып отыр. Енді біз осы мәселені 16 сағатқа дейін қысқартып, жалпы бұл тек қана мұғалімнің жүктемесі емес, балалардың жүктемесі типтік оқу жоспарларында азаяды дегенді білдіреді», – деді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Ал сынып жетекшілігі мен дәптер тексеру сынды қосымша жұмыстарға  үстеме ақысы екі есе өседі. Бірақ қолданысқа түскелі бері даудан арылмаған электронды күнделікке келгенде депутаттар мен министр бір байламға келе алмады. Өйткені білімді тегін алу оқушының Ата заңмен бекітілген құқығы. Бірақ күнделікті қолдануға келгенде оған ақы төлету Білім министрлігіне жараспайды, – дейді депутаттар.

«Бағасын білу – ақылы, мұғалімнің сынескертпелерін білу – ақылы, ұялы қосымшамен кіру – ақылы. Мұның барлығы білім беру жүйесінің құрамына кіреді. Ата-ана мұғалімнің сын-ескертпелерін білмейтін болса, баласының үлгерімін қалай бақылап отырады?» – деді мәжіліс депутаты Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты.

Министр тұшымды жауап таппай, осы жүйені жасаған IT компанияға өзгеріс енгізу жөнінде хат жазғанын жеткізді. Егер заң жыл соңына дейін қабылданса, мұғалімдер қауымының жалақысы қаңтардан бастап 25 пайызға өседі. Бірақ меже одан да жоғары. Себебі, мұғалімдердің орташа жалақысы бүкіл елдегі орташа жалақының 65 пайызына ғана тең екен. Министрлік жалақыны 100 пайыздан да асырғысы келеді. Жалпы осы айтылғанның бәрін жүзеге асыруға алдағы бес жылға 5,3 триллион теңге қажет.

БөлісуТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Қытайдың екі азаматы ҰҚК қызметкеріне екі млн бермек болған

Келесі жаңалық

Тоқаев парамен ұсталған орынбасары үшін басшысы жауап беретін заңға қол қойды

ҰқсасЖаңалықтар

Қазақстандық Qazsovid-in вакцинасынан өліп кетсе, 500 мың төленеді
Денсаулық

Қазақстандық Qazsovid-in вакцинасынан өліп кетсе, 500 мың төленеді

Қаңтар 18, 2021
6
4 жасар қызының көзінше. Павлодарда экс-әйелін бетіне оқ атып өлтірген ер адам қамауға алынды
Қылмыс

4 жасар қызының көзінше. Павлодарда экс-әйелін бетіне оқ атып өлтірген ер адам қамауға алынды

Қаңтар 18, 2021
112
Спортшы Қуат Хамитов 3 жылға сотталуы мүмкін
Бокс және ММА

Спортшы Қуат Хамитов 3 жылға сотталуы мүмкін

Қаңтар 18, 2021
115
«Арақ үшін баламнан таяқ жедім»: Ұлынан зәбір көрген кейуананың хикаясы жұртты жылатты
Өмір

«Арақ үшін баламнан таяқ жедім»: Ұлынан зәбір көрген кейуананың хикаясы жұртты жылатты

Қаңтар 17, 2021
362
Баннердегі әйел әкімдіктен миллион сұрады
Денсаулық

Баннердегі әйел әкімдіктен миллион сұрады

Қаңтар 17, 2021
155
Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады
Ақша

Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады

Қаңтар 17, 2021
40
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Тоқаев парамен ұсталған орынбасары үшін басшысы жауап беретін заңға қол қойды

Тоқаев парамен ұсталған орынбасары үшін басшысы жауап беретін заңға қол қойды

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Мейрамбек Бесбаев жансақтау бөліміне түсіп қалды
Шоу-бизнес

Мейрамбек Бесбаев жансақтау бөліміне түсіп қалды

Қаңтар 17, 2021
4k
Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
1.1k
«Кенеттен жағдайы нашарлап кетті». Директоры Мейрамбек Бесбаевқа не болғанын айтты
Шоу-бизнес

«Кенеттен жағдайы нашарлап кетті». Директоры Мейрамбек Бесбаевқа не болғанын айтты

Қаңтар 17, 2021
970
«Енем тыныштық бермейді»: Бір ай бұрын тұрмысқа шыққан Say Mo ажырасқалы жатыр
Шоу-бизнес

«Енем тыныштық бермейді»: Бір ай бұрын тұрмысқа шыққан Say Mo ажырасқалы жатыр

Желтоқсан 27, 2020
4k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық Qazsovid-in вакцинасынан өліп кетсе, 500 мың төленеді

Қаңтар 18, 2021
6

4 жасар қызының көзінше. Павлодарда экс-әйелін бетіне оқ атып өлтірген ер адам қамауға алынды

Қаңтар 18, 2021
112

Спортшы Қуат Хамитов 3 жылға сотталуы мүмкін

Қаңтар 18, 2021
115

«Арақ үшін баламнан таяқ жедім»: Ұлынан зәбір көрген кейуананың хикаясы жұртты жылатты

Қаңтар 17, 2021
362

Баннердегі әйел әкімдіктен миллион сұрады

Қаңтар 17, 2021
155

Қазақстан халқына ең аз жалақы төлейтін елдер арасында көш бастады

Қаңтар 17, 2021
40
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.