Сәрсенбі, Қаңтар 20, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қазақстан Басты жаңалықтар

11 жыл түрмеде отырған Мұхтар Жәкішев бостандыққа шықты

Наурыз 19, 2020
Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам, Өмір
11 жыл түрмеде отырған Мұхтар Жәкішев бостандыққа шықты

Фото:instagram.com/armanzhan

Поделиться на Facebook

Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суреті қазақстандықтардың ашуын келтірді

Елордада отағасы балдызын пышақтап, кейін әйелі мен өзін өлтірді

19 наурызда таңертең Семей қаласындағы ОВ-156/144 қатаң режимдегі колониядан «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішев босап шықты, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.

Оны түрме алдынан ондаған белсенді қарсы алды. Таңертеңгі сағат 10:30 шамасында түзеу мекемесінен көлікпен шыққан Жәкішев көліктен түсіп, бәріне қолдау білдіргені үшін алғыс айтты. Оның жанында әйелі Жәмила Жәкішева да болды.

3 наурызда Семей қалалық соты Мұхтар Жәкішевтің мерзімінен ерте босап шығу туралы өтінішін қанағаттандырған. Сот шешіміне сәйкес, дегенмен Мұхтар Жәкішев «пробациялық бақылауға алынып, жаза мерзімі толық аяқталмайынша Қазақстан аумағынан шығарылмайды».

Мұхтар Жәкішевті саясаттанушылар «білікті менеджер» деп санайды. Ол 2009 жылы мамырдың 21-іне «Қазатомөнеркәсібі» компаниясының басшысы қызметінен алынып, мамырдың 24-іне тұтқындалған. «Венада (Австрия) «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының заңсыз өкілдігін ашу арқылы пайда тапты, астыртын касса ұстады, күзетшісіне қосымша еңбекақы төлеп келген» деген айыппен 14 жылға сотталған.

2012 жылы маусым айында Мұхтар Жәкішектің үстінен қозғалған тағы бір іс бойынша Астана қаласындағы Сарыарқа ауданының №2 соты үкім шығарды.

Оған «ірі көлемдегі алаяқтық» (қылмыстық кодекстің 177-бабы) және «өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлкін иемденіп, шығындау» (176-бап), «заңдастыру» (193-бап), «қылмыстық топ құру» (235-бап), «қызметтік өкілетін асыра пайдалану» (307-бап) баптары бойынша айыптар тағылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын белгіледі. Бұл жаза бұрынғы 14 жылдық жазамен біріктірілді. Екінші қылмыстық іс бойынша сот отырыстарына Мұхтар Жәкішев пен оның өзі жалдаған адвокаттары қатыспаған.

Түрмеде отырған кезде үшінші топ мүгедектігін алған Жәкішев өзіне тағылған айыптармен келіспейді.

Қазақстандық құқық қорғаушылар Жәкішевті «саяси тұтқындар» тізіміне қосқан. Құқық қорғаушылар «Жәкішев елден қашқан Мұхтар Әблязовпен (бұрынғы банкир, Қазақстан билігін сынаушы) араласқаны үшін қысымға ұшырады» деп санайды. Қазақстан билігі елде «саяси тұтқындар жоқ» деп есептейді.

Халықаралық ұйымдар да бірнеше рет Қазақстан билігінен Жәкішевке бостандық беруді сұраған. 2015 жылы Жәкішевтің шағымын қараған Біріккен ұлттар ұйымының адам құқықтары жөніндегі комитеті оның құқығы бұзылғанын растап, Қазақстан билігін тұтқынды босатуға шақырған. 2018 жылы наурыз айында Хельсинки комитеті және «Орталық Азиядағы адам құқығы» қауымдастығы Қазақстанның сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ашық хат жазып, «науқас саяси тұтқын» Мұхтар Жәкішевке «адамшылық танытып» түрмеден босатуды сұраған.

Бөлісу343ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Назарбаев коронавируспен күреске 200 миллион теңге бөлуді тапсырды

Келесі жаңалық

Алматыда "коронавирус жұқтырған науқас" тұратын тұрғын үй кешені қоршалды

ҰқсасЖаңалықтар

Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суреті қазақстандықтардың ашуын келтірді
Өмір

Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суреті қазақстандықтардың ашуын келтірді

Қаңтар 20, 2021
1
Елордада отағасы балдызын пышақтап, кейін әйелі мен өзін өлтірді
Қылмыс

Елордада отағасы балдызын пышақтап, кейін әйелі мен өзін өлтірді

Қаңтар 20, 2021
1
Бәрі қыз үшін. Қарағандылық жігіт жыныс мүшесіз қалды
Қылмыс

Бәрі қыз үшін. Қарағандылық жігіт жыныс мүшесіз қалды

Қаңтар 20, 2021
5
Үйін тартып алғандарға күйінген әйел өзін өртемек болды
Әлем

Үйін тартып алғандарға күйінген әйел өзін өртемек болды

Қаңтар 20, 2021
83
Блинкен: Путиннің бір адамнан қорқатыны қызық
Қазақстан

Блинкен: Путиннің бір адамнан қорқатыны қызық

Қаңтар 20, 2021
1
Үйлер 510 теңгеден сатылып жатыр. Аласыз ба?
Әлем

Үйлер 510 теңгеден сатылып жатыр. Аласыз ба?

Қаңтар 19, 2021
245
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
Алматыда «коронавирус жұқтырған науқас» тұратын тұрғын үй кешені қоршалды

Алматыда "коронавирус жұқтырған науқас" тұратын тұрғын үй кешені қоршалды

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

«Жылап та үлгермей жатырмын». Ер адам жерлеу рәсімінен кейін 16 туысынан айырылды
Қазақстан

«Жылап та үлгермей жатырмын». Ер адам жерлеу рәсімінен кейін 16 туысынан айырылды

Қаңтар 19, 2021
558
Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
1.6k
Мейрамбек Бесбаев жансақтау бөліміне түсіп қалды
Шоу-бизнес

Мейрамбек Бесбаев жансақтау бөліміне түсіп қалды

Қаңтар 17, 2021
4.4k
Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті
Денсаулық

Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті

Қаңтар 8, 2021
851

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суреті қазақстандықтардың ашуын келтірді

Қаңтар 20, 2021
1

Елордада отағасы балдызын пышақтап, кейін әйелі мен өзін өлтірді

Қаңтар 20, 2021
1

Бәрі қыз үшін. Қарағандылық жігіт жыныс мүшесіз қалды

Қаңтар 20, 2021
5

Үйін тартып алғандарға күйінген әйел өзін өртемек болды

Қаңтар 20, 2021
83

Блинкен: Путиннің бір адамнан қорқатыны қызық

Қаңтар 20, 2021
1

Үйлер 510 теңгеден сатылып жатыр. Аласыз ба?

Қаңтар 19, 2021
245
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.