Түрлі әлеуметтік желіде 10 жасар қыздың зорлануына қатысты жантүршігерлік оқиға қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Междуреченск ауылында небәрі 10 жасар қыз асқан айуандықпен зорланған. Полицияға арызды Өзбекстан елінің тумасы түсірді. Ол өзінің 10 жасар қызы зорланғанын айтты. Сөзіне сенсек, мұны 11 жастағы үш бала жасаған.
Қазіргі сәтте аталған жағдайға байланысты полиция тексеру жұмыстарын бастады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жасөспірімдердің кінәсі дәлелденуде. Оған әртүрлі айғақ куә. Оқиға орны қанға малынған.