Сейсенбі, Қаңтар 26, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қоғам Өмір

Балғынбек Имашев тоқал алғалы жүр ме? Айтыскердің өзі жауап берді

Қараша 17, 2019
Өмір, Басты жаңалықтар, Қазақстан, Қоғам
Балғынбек Имашев тоқал алғалы жүр ме? Айтыскердің өзі жауап берді

Сурет KYN.KZ сайтынан алынды

Поделиться на Facebook

Айтыс десе Балғынбек Имашев, Айнұр Тұрсынбаева, Жандарбек Бұлғақов немесе ең жасы Сырым Әуезхан еске түседі. Ал осы замандастардан кейінгі суырып салма ақындарды халық неге танымайды? Әлде қабылдамайды ма? Мүмкін расында қазір жастардың арасында мықты айтыскер ақындар жоқ па? Айтыскер ақын Балғынбек Имашев осы тақырыптар төңірегінде ой өрбітті, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

–    Балғынбек мырза, сәлеметсіз бе! Сұрақты айтыстың бүгінгі деңгейінен бастайықшы. Қалай бағалайсыз? Жас айтыскерлерден кімдерді қолдайсыз?

Ермахан Ибраимовтың үстінен полицияға арыз түсті

Навальныйды қолдап, видео жариялаған полиция қызметкері жұмыстан қуылды

–    Қазір айтыстың немесе айтыскерлердің деңгейін бағалайтын кез емес. Мықты жастар өсіп келеді. Бірақ, халық оларды танымайды. Себебі, теледидар арқылы көрсетілім жоқ. Әртүрлі айтыс болып жүр, мықтылар суырылып шығып жатыр. Ал оларды насихаттайтын бұқаралық ақпарат көздері мен қолдаулары жоқ. Міне осы мәселе қарын аштырады.

–    Бәлкім, Ринат Зайытов секілді youtube жаулау керек шығар. Ол кісі жастарға қолдау мен еркіндік көрсету мақсатында онлайн айтыс ұйымдастырған еді. Сондай форматта даму немесе жоба жасау ойыңызда жоқ па?

–    Иә, қазір әлеуметтік желі деген үлкен сұранысқа ие ғой. Қазір теледидар көретін адам аз. Бәрінің қолында телефон, компьютер. Ал ол жерде шектеу жоқ, кесу жоқ. Алайда, бұл жерде де бір әлсіздік бар екенін ұмытпау керекпіз. Әзірге, қазақша контент өте аз және сапасы да төмен. Бәрі әйтеуір, youtube канал ашып, дамытуға тырысып жүр. Алайда, қаралым саны өте төмен. Себебі, қазақ аудиториясы әлі youtube видеохостингіне көше қоймаған сияқты. Ал айтысқа келсек, жағдайымыз тіпті қиын. Себебі, қазақша аудитория қалыптаспаған жерде қазақ өнерінің сұранысқа ие болуы екіталай.

Ринаттың интернет айтысын көрмедім. Бірақ, естідім. Жасалды, өткізілді, ұмытылды. Қазір «онлайн айтысты білесіз бе немесе көрдіңіз бе?» деп сұрап көріңізші. Меніңше, Ринаттың онлайн айтысын ешкім білмейді. Ол жақтағы жас айтыскерлерді, мықты болса да, халық тани қоймады. Неге? Жауап біреу, әлі youtube видеохостингінде қазақ аудиториясы мен қазақша контент қалыптаспаған. Сондықтан, қанша тырыссақ та, оның тез дамуы, өтуі екіталай. Одан бөлек тағы бір себеп бар. Ақжаулықты аналарымыз бен ақсақалды аталарымыз youtube емес, теледидарды көреді.

–    Айтыскер ақын болу үшін тума дарын керек. Одан бөлек тағы қандай қасиет қажет?

–    Иә, ең бірінші қанмен келетін дарындылық пен суырыпсалма қасиет керек. Ал екіншіден таза қазақилық керек. Өкініштісі, қазір жастарымыз кітап оқымайды. Үшіншіден, қазақша ойламайды. Олар аралас ойлайды. Бұрын «Абай жолын» оқымаған таза қазақ емес деген түсінік болатын. Қазір «Абай жолын» кім жазды деген сұраққа жауап бере алмайтын қазақ көп.

Оны қойыңызшы, тіпті, кәсіби журналистер және қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімдері тұрақты тіркестердің қолдану ретін, мақалдардың түп мағынасын білмей жатады. Айтыскер ақын болу үшін қарт пен кемпірдің қолында өсіп, айран-қымызын ішіп, барлық жыр мен эпосты тыңдап өсу керек. Айтыскер ақынның тек жүрегі емес, тілі, ойы, көзі, құлағы бәрі-бәрі қазақша сөйлеу керек, қазақ тілін сүю керек, тарихты білу керек. Міне, сонда ғана мықты айтыскер ақын болып қалыптаса алады.

–    Бір кездері Жүрсін ағамыз сіз туралы ашулы пікірін айтқан еді. Қазір қарым-қатынасыңыз қандай?

–    Жоқ, арамызда ешқандай ұрыс-жанжал, өкпе-реніш болған емес. Ол кісі менің айтысқа қатыспай жүргеніме өкпелеп, кішкене шағып айтқан еді. «Балғынбектің айтысқа кетуіне намазы мен діні себеп болды» дегендей пікір айтыпты. Бірақ, айтысқа шықпауыма діннің еш қатысы жоқ. Жүрсін ағамыз шағып сөйлейді, қатты айтады. Оны кейбір сіздің әріптестеріңіз үрлеп әкетеді ғой. Қарым-қатынасымыз жақсы, сыйластығымыз түзеу.

–    Бала тәрбиесіндегі басты қағидаларыңыз қандай?

–    Бала тәрбиесінде мен сөзбен айтпаймын, іспен көрсетемін. Қазақта «Ұяда не көрсе, соны іледі» немесе «Әке көрген – оқ жонар, шеше көрген – тон пішер» деген керемет нақылдар бар. Сөздеріне мән берсеңіз, «не естісең…» деп тұрған жоқ қой. Міне, сондықтан ата-ана ең әуелі өзін тәрбиелеуі керек. Мысалы, өзіңіз темекі шегетін болсаңыз, жүз жерден балаңызға «темекі шекпе, зиян» деп айтсаңыз да тыңдамайды. Себебі, ол әкесінің темекі шеккенін көрді, қалыпты жағдай деп қабылдады.

Тағы бір мысал, үйінде арақ-шарап ішетін отбасының балаларының ойындарына назар салып көріңізші. Ойын барысында стақан түйістіріп отырғанын байқауға болады. Неге? Өйткені, ол әке-шешесінен соны көрді. Ал намаз оқитын еді кішкентай бала тілі келмесе де, шартын білмесе де. жайнамазға басын қойып, әлектеніп жүргенін байқауға болады. Міне, менің бала тәрбиесіндегі басты қағидам осы. Сөзбен емес, іспен дәлелдеу.

–    Көп әйел туралы не айтар едіңіз? Өзіңіз қолдайсыз ба?

–    Бұл сұрақта менің пікірім маңызды деп ойламаймын. Алла рұқсат етті, шариғат рұқсат етті. Құранда жазылды. Көп әйел алуға еш қарсы емеспін және менің қарсы келуге еш қақым жоқ, Ал өз басыма келетін болсам, «көтере алмайтын шоқпарды беліңе байлама» деген мақалды ұстанамын. Түсінетін адам бұл мақал арқылы менің айтпағымды түсінген шығар. Әрине, егер екі әйелдің де, олардан туған балалардың да жағдайын жасайтын азамат болса, «әп, бәрекелді» деймін. Бірақ, біздің қоғамда ондай азаматтар аз шығар.

Бөлісу27ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Түнімен телефонда ойын ойнаған қыз соқыр болып қалды

Келесі жаңалық

"Қауышқан күн біздің өмірімізді өзгертті": Саят Әбенов өзін сынағандарға жауап берді

ҰқсасЖаңалықтар

Ермахан Ибраимовтың үстінен полицияға арыз түсті
Қылмыс

Ермахан Ибраимовтың үстінен полицияға арыз түсті

Қаңтар 25, 2021
12
Навальныйды қолдап, видео жариялаған полиция қызметкері жұмыстан қуылды
Әлем

Навальныйды қолдап, видео жариялаған полиция қызметкері жұмыстан қуылды

Қаңтар 25, 2021
68
Анна Данченко сүйіктісінің қымбат көлігін көрсетті
Шоу-бизнес

Анна Данченко сүйіктісінің қымбат көлігін көрсетті

Қаңтар 25, 2021
63
Алматы облысында ер адам өгей ұлдарын зорлап, нәрестені унитазға батырмақ болды
Қылмыс

Алматы облысында ер адам өгей ұлдарын зорлап, нәрестені унитазға батырмақ болды

Қаңтар 25, 2021
760
«Вакцинациялаудан әлемде 700 мың адам көз жұмады — Билл Гейтс
Денсаулық

«Вакцинациялаудан әлемде 700 мың адам көз жұмады — Билл Гейтс

Қаңтар 25, 2021
46
«Жалақымыз зейнеткерден төмен»: Ақтөбеде мұнайшылар наразылыққа шықты
Қазақстан

«Жалақымыз зейнеткерден төмен»: Ақтөбеде мұнайшылар наразылыққа шықты

Қаңтар 25, 2021
39
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
«Қауышқан күн біздің өмірімізді өзгертті»: Саят Әбенов өзін сынағандарға жауап берді

"Қауышқан күн біздің өмірімізді өзгертті": Саят Әбенов өзін сынағандарға жауап берді

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысында ер адам өгей ұлдарын зорлап, нәрестені унитазға батырмақ болды
Қылмыс

Алматы облысында ер адам өгей ұлдарын зорлап, нәрестені унитазға батырмақ болды

Қаңтар 25, 2021
760
Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті
Денсаулық

Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті

Қаңтар 8, 2021
2k
Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
3k
«Анам «барып жат» деді»: 19 жастағы қыз өзін 8 жыл зорлаған әкесінен жүкті болып қалды
Басты жаңалықтар

«Анам «барып жат» деді»: 19 жастағы қыз өзін 8 жыл зорлаған әкесінен жүкті болып қалды

Тамыз 26, 2019
4.6k

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ермахан Ибраимовтың үстінен полицияға арыз түсті

Қаңтар 25, 2021
12

Навальныйды қолдап, видео жариялаған полиция қызметкері жұмыстан қуылды

Қаңтар 25, 2021
68

Анна Данченко сүйіктісінің қымбат көлігін көрсетті

Қаңтар 25, 2021
63

Алматы облысында ер адам өгей ұлдарын зорлап, нәрестені унитазға батырмақ болды

Қаңтар 25, 2021
760

«Вакцинациялаудан әлемде 700 мың адам көз жұмады — Билл Гейтс

Қаңтар 25, 2021
46

«Жалақымыз зейнеткерден төмен»: Ақтөбеде мұнайшылар наразылыққа шықты

Қаңтар 25, 2021
39
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.