АҚШ-тың Blue Cross Blue Shield Association ұйымы 1981 және 1996 жылдары дүниеге келген жандардың денсаулығы жылдам нашарлап, олардың өмір жасы әлдеқайда қысқа болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Мамандар осы жылы дүниеге келгендердің қан қысымы мен қандағы холестерин деңгейінің тұрақсыз болып, күйзеліске түсіп, көп шылым шегетінін болжады. Осының барлығы өз кезегінде өлім көрсеткішінің алдыңғы буынмен салыстырғанда 40%-ке өскенін көрсетті.
Сондай-ақ, зерттеушілер осының әсерінен мемлекеттің шығынға бататынын мәлімдеді. Яғни адамдар жұмыс істей алмай, артынша мұның барлығы экономиканың құлдырауына әкеліп соғады.