АҚШ-та өткен кинофестивальде қазақстандық актриса Аружан Жазылбекова үздік әйел рөлі үшін марапатталды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпараттық агенттігі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
«Golden Screen Award for Best leading actress! So happy and grateful! «Композитор» фильміндегі рөл үшін Golden Screen марапаты! Ұйықтай да, тамақ іше алмай да отырмын! Өйткені, мен бақыттымын және ризамын. «Қазақфильм» мен түсірілім тобымызға рахмет! Мен анасының рөлін ойнайтын Қаламқас апаға қолдауы мен махаббаты үшін алғыс айтамын.
Серіктестерім: Дильназ Нұрсейітке, Берік Айтжановқа, Алтынай Нөгербекке және әрине, Ху Джунға рахмет! Баршаңызға құттықтауларыңыз бен жылы лебіздеріңіз үшін рахмет!», – деп жазды ол.