Сенбі, Қаңтар 23, 2021
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
    • Соңғы жаңалықтар
  • Қоғам
  • Саясат
  • Оқиға
  • Спорт
  • Экономика
  • Русская редакция
Neonomad.kz — Басты жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қазақстан

100 мың теңге үшін жас азаматтың өмірі қыршыннан қиылды – Талдықорған

Тамыз 4, 2019
Қазақстан, Басты жаңалықтар, Қылмыс, Оқиға
qaz.neonomad.kz
Поделиться на Facebook

Талдықорғанда алматылық Зинур Хамитовты айуандықпен өлтірген қылмыскерлерге қатысты сот отырысы басталды. 25 жастағы жас жігіт қарызын сұрағаны үшін қаскөйлер өлгенше ұрып тастаған, деп хабарлайды Neonomad.kz. 

Қылмыс жағандар Талғардың тұрғындары. Олардың біреуі қайтыс болған Зинурды жақсы танитын көрінеді. Екеуі бірге жұмыс істепті.

Шымкентте полицей кейуананы зорламақ болған күдіктімен селфи жасады. Тексеріс басталды

Қостанай облысында 12 жасар қыз жүкті: өгей әкесі қамауға алынды

Зинурдың анасының сөзінше, қайғылы оқиға 2018 жылдың 23 тамызында болған. Ұлы өзінің әріптесіне қарызға 100 мың теңге береді. Бірақ ақшаны игілігіне жаратқан әріптесі қарызын қайтаруға асықпапты. Сөйтіп екеуі Алматы маңындағы Бесағаш пен Тұздыбастау поселкелерінің арасында орналасқан айналмалы жолда кездесуге келіседі. Алайда борышкер жалғыз бармайды, қасына достарын шақырған. Ал Зинурды болса «танысымнан ақшаны алу керек» деген сылтаумен адам жоқ жерге шығарады.

«Аблакимов арам пиғылын жүзеге асыру үшін Зинур Хамитовты құр сөзбен алдастырып тұрған. Сол кезде Ахметов (Аблакимовтың досы) көліктен спорттық ағаш битаны алып, Зинурдың желкесінен бір ұрған. Бірақ онысымен тоқтамай, Хамитовты өлгенше соққының астына алған. Жарақаттан оқиға орнында ол көз жұмған»,- делінген айыптау актісінде.

Хамитов жерге құлаған кезде, қылмыстық топ оны аяқпен теуіп, қолмен ұрған. Кейін оның өлі денесін көліктің жүк салғышына жүктеп, өзенге апарып, суға лақтырып жіберген. Мәйіттен құтылған төрт азамат үйлеріне қайтқан. Зинурдың анасының сөзінше, адам өлтірді деп тек екі азамат айыпталып отыр. Сотталушы Тұрсын Аблакимов пен Абликим Ахметов алдын ала сөз байласу арқылы ұйымдасқан топ адам өлтірді деп айыпталуда.

Қылмысқа қатысы бар қалған екеуі алғашында күдікті ретінде қаралса, кейін куәгер деп танылған. Яғни, куәгерлер адамды өлгенше ұрып жатқанда, жай қарап тұрған.

«Қарашада біздің қолымызға тапсырылған айыптау бойынша, төрт қылмыскер «Адам өлтірді» деген 99 бабы бойынша айыпты еді».

Бірақ қылмыстық іс сотқа барғанда екеуі «адам өлтіру» бойынша емес, «қылмысты хабарламағаны» үшін сотталатыны белгілі болды. Кейін не болды? Іс бойынша ешқандай жаңа фактілер келтірілген жоқ. Неліктен «адам өлтіру» бабын «қылмысты хабарламағанға» ауыстырды? Не болды? Бізге беймәлім. Бабын өзгерткені жайлы Бас прокуратураға шағым түсірген болатынмын. Бірақ әзірге жауап алғаным жоқ. Ал сот отырысы болса соңына жетіп қалды»,- дейді еңіреген ана.

Осыған дейін, аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 1994-1998 жылдары туған төрт азаматтың ұсталғанын полиция хабарлаған болатын.

«Тергеу материалдарында күдіктілердің қылмысты мойындағандары, сонымен қатар заттай айғақтар бар»,- делінген еді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламасында.

Зинурдың анасы ұлын алдын ала келісіп, айуандықпен өлтірген қылмыстық топты жазаға тартқызуды көздеп отыр.

Тегтер: Алматы қаласыҚазақстан жаңалықтарықылмыс
Бөлісу4ТвитБөлісуЖіберу

Загрузка...
Алдыңғы жаңалық

Қытайдың 14 азаматы Атырау облысында заңсыз жұмыс істеген

Келесі жаңалық

Димаштың жаңа әнінің бейнебаяны жарық көрді (видео)

ҰқсасЖаңалықтар

Адамдарға бақытты болу үшін қанша ақша керегі белгілі болды
Өмір

Адамдарға бақытты болу үшін қанша ақша керегі белгілі болды

Қаңтар 22, 2021
10
Пойыздарда ауыз суға зиянды заттар қосатыны рас па?
Денсаулық

Пойыздарда ауыз суға зиянды заттар қосатыны рас па?

Қаңтар 22, 2021
9
Қазақстанға 40 градус аяз қайта оралады
Ауа райы

Қазақстанға 40 градус аяз қайта оралады

Қаңтар 22, 2021
7
Қазақ қызы «халал жезөкшеге» айналдыратын намазхан жігіттер туралы айтты (видео)
Қылмыс

Қазақ қызы «халал жезөкшеге» айналдыратын намазхан жігіттер туралы айтты (видео)

Қаңтар 22, 2021
130
Қуат Хамитов ресейлік қарсыласын бірінші минутта сұлатып салды (видео)
Басты жаңалықтар

Қуат Хамитов ресейлік қарсыласын бірінші минутта сұлатып салды (видео)

Қаңтар 22, 2021
138
«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты
Шоу-бизнес

«Сіз үшін ұяламыз». Қазақстандық «барбидің» суреті желіні шулатты

Қаңтар 21, 2021
269
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Келесі жаңалық
qaz.neonomad.kz

Димаштың жаңа әнінің бейнебаяны жарық көрді (видео)

КӨП ОҚЫЛҒАН ЖАҢАЛЫҚТАР

Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті
Денсаулық

Коронавирустан вакцина салған дәрігер өліп кетті

Қаңтар 8, 2021
1.3k
Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды
Әлем

Әйел күйеуінен ажырасып, тұңғышынан бала туып алды

Қаңтар 17, 2021
2.5k
«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)
Қылмыс

«Мен адаймын!» деп айқайлаған ер адам жерде жатқан азаматты ұрып тастады (видео)

Қаңтар 14, 2021
984
Қуат Хамитов ресейлік қарсыласын бірінші минутта сұлатып салды (видео)
Басты жаңалықтар

Қуат Хамитов ресейлік қарсыласын бірінші минутта сұлатып салды (видео)

Қаңтар 22, 2021
138

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Адамдарға бақытты болу үшін қанша ақша керегі белгілі болды

Қаңтар 22, 2021
10

Пойыздарда ауыз суға зиянды заттар қосатыны рас па?

Қаңтар 22, 2021
9

Шымкентте пара алудан медицина саласы көш бастап тұр

Қаңтар 22, 2021
2

Қазақстанға 40 градус аяз қайта оралады

Қаңтар 22, 2021
7

Қазақ қызы «халал жезөкшеге» айналдыратын намазхан жігіттер туралы айтты (видео)

Қаңтар 22, 2021
130

Қуат Хамитов ресейлік қарсыласын бірінші минутта сұлатып салды (видео)

Қаңтар 22, 2021
138
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Neonomad ақпараттық агенттігі

Neonomad ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз.

Жаңалықтар

  • Авто
  • Айыппұл
  • Ақша
  • Аналитика
  • Ауа райы
  • Әлем
  • Басты жаңалықтар
  • Бейне
  • Бизнес
  • Білім
  • Бокс және ММА
  • Гаджеттер
  • Ғаламтор
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • ЖКО
  • Қазақстан
  • Қазақстандағы зейнетақы
  • Қазақстандағы спорт
  • Қоғам
  • Қылмыс
  • Мәдениет
  • Медицина
  • Нарықтар
  • Оқиға
  • Өмір
  • Парламент
  • Пікір
  • Президент
  • Сайлау 2021
  • Санаты жоқ
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Стиль
  • Тағайындау
  • Теңге бағамы
  • Технологиялар
  • Төтенше оқиғалар
  • Тұрғын үй бағдарламасы
  • Үкімет
  • Фото
  • Футбол
  • Хоккей
  • Шоу-бизнес
  • Экономика

Қазақстан жаңалықтары 

Онлайн-жарияланымның ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
  • Байланыс ақпараты
  • Жоба туралы
  • Құпиялылық саясат
  • Сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялаудың шарттары мен ақысы

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Басты жаңалықтар
  • Қазақстан
  • Әлем
  • Оқиға
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Спорт

Барлық құқық қорғалған. © 2019 Neonomad.kz.