Көп жыл бұрын көз жұмған сатушының денесі тоңазытқыштың артынан табылды, деп хабарлайды Neonomad.kz ақпарат агенттігі.
Американың Айова штатындағы Каунсил-Блафс қаласында 10 жыл бұрын жоғалған сатушының денесі табылды. Мәйіт осы жылдың қаңтар айында ескі дүкеннің тоңазытқышы тұрған жерден табылған. Алайда арада көп уақыт өтіп кеткендіктен, оның бір кездері жоғалған сатушы екені енді ғана белгілі болды.
Марқұм сатушыға 2009 жылы іздеу салынған. Белгілі болғандай, ер адам 45 сантиметрлік өткелге құлап кеткен. Оның көмек қолын созуға шақырған айқайын ешкім естімеген болса керек. Тергеу амалдарын жүргізген полиция қызметкерлері мұндай оқиғамен алғаш рет кез келіп отырғанын айтты.
Ал дүкеншінің анасы ұлы жоғалардан бір күн бұрын көзіне әртүрлі нәрсе елестеген екен. Ол жүрегінің қатты соққанын сезіп, мұндайда қант көмектеседі деп ойлаған. Тіпті, ұлының «Қант же» деген дауысына дейін естігенін айтады.
2009 жылы әйел ұлы дүкенде болуы мүмкін деп болжаған. Себебі, марқұм уақытының көп бөлігін сол жерде өткізген.